«Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасын дамытуға 8 трлн қаржы бөледі

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасын дамытуға 8 трлн қаржы бөледі

Еліміздің экономикасын дамыту мақсатында «Бәйтерек» холдингі 8 трлн теңге бөледі. Атап айтқанда, қаржы кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй құрылысын дамытуға жұмсалады. Ол биыл елімізде ЖІӨ-нің нақты өсуіне қосымша 1,3% үлес қосады. Айта кетейік, Үкімет экономиканың нақты секторын қарқынды дамыту мақсатында «Бәйтерек» холдингін капиталдандыруды 1 трлн теңгеге ұлғайтып отыр. Жобалардың ең үлкен инвестициялық пулы Қазақстанның даму банкінде шоғырланған. Биыл 2,2 трлн теңгеге 66 жоба жүзеге асырылады. Инвестиция салынған негізгі салалар – көлік, логистика және байланыс, металлургия, химия өнеркәсібі. Сонымен қатар, Qazaqstan Investment Corporation өнеркәсіпті дамыту фондының жобаларын қаржыландырады. Шағын және орта бизнеске жеңілдікпен несие беру көлемін 3 есеге ұлғайту жоспарлануда.

Авторы: Динара Бахытбек

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?