Алматы халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығына мүше болды

Алматы халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығына мүше болды

Алматы қаласы Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының мүшесі атанды. Мамандардың айтуынша, бұл – іскерлік туризмді халықаралық аренада дамыту жоспарының бір бөлігі. Қауымдастыққа кіру түрлі туристік ұйымдармен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Алматыда жылына халықаралық деңгейдегі 20 шақты іскерлік шара өткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, қоғамдастыққа – 88 елдің 950 қаласы мүше. Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының 2020 жылғы рейтингіне сәйкес, Қазақстан іскерлік туризм бойынша әлемде 79-шы орында тұр.