Ата жұртқа оралған этникалық қазақтар бұдан былай жаңадан құрылған өңірлерде түтінін түтету мүмкіндігіне ие болмақ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастарды Абай және Ұлытау облыстарына қоныстандыру бойынша қаулыны ашық талқыға шығары. Жауапты министрлік мәліметіне сай, бүгінде тарихи отанына қайтып келген қандастар еліміздің 7 облысына көшіріледі. Ұсынылып отырған құжаттың тізімнен Атырау облысы алынып тасталады. Оның орнына қос жаңа аймақ қосылып, жалпы саны 8 өңірге жетпек. Бұл тың үрдістің басты мақсаты елдің демографиялық жағдайын жақсарту.