Әлемге ізгілікті істермен танылған қазақ қызы жайында деректі фильм жарық көрді

Әлемге ізгілікті істермен танылған қазақ қызы жайында деректі фильм жарық көрді

«Дана. Әлем азаматы». Астанада шартарапты кезіп, адамзат мәселелерін көтеріп жүрген қазақстандық туралы «Dana. The World Citizen» деректі фильмі таныстырылды. Туындының бас кейіпкері - сценарист, режиссер Дана Зияшова. Қазір ол АҚШ-та тұрады. Продюсердің Коста-Рикада түсірген фильмі сол елдің Үкіметіне кәмелет жасына толмаған қыздарды тұрмысқа беруге заң жүзінде тыйым салуға түрткі болған. Отандасымыздың  Америка, Моңғолия, Ирак пен Солтүстік Корея елдеріндегі әлеуметтік проблемаларға қатысты жобалары осы туындыда көрініс табады. Бұл - қазақстандық журналист Мәншүк Шымырбайдың авторлық жобасы. Фильм «New York Film Academy» қолдауымен Лос-Анжелесте түсірілген.  

Мәншүк Шымырбай, «Dana. The World Citizen» деректі фильмінің авторы:

- Бұл қызметтерінің бәрін ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның құрамында Орталық Азия мемлекеттері бойынша кеңесші қызметін атқарып жүріп атқарған жұмысы. Қазіргі таңда ол продюсер, сценарист, шығармашылықпен айналысады, өз подкастын жалғастырып жатыр. Ол кісінің еңбек жолына, жүріп өткен тәжірибесіне қарайтын болсақ, шынымен де қазақ қоғамына, қазақ қыздарына үлгі етіп алуға, мақтануға қазақтың қызын көрем десең міне, осындай деп әлімге жар салуға лайықты.

Астанада әйел болмысына арналған көрме ашылды

Сонымен қатар осы күні елордада әйел болмысы мен ішкі әлеміне арналған «Айнадан» атты суретшілер көрмесі ашылды. Онда еліміздің 10-ға жуық нәзік жанды қылқалам шеберінің 25 туындысы қойылды. Көрмеде бейнелеу өнеріне аяқ басқан жас суретшілердің еңбектері де ұсынылды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?