Биылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары лидерлерінің 7-ші съезі әлем үшін тарихи және бірегей оқиға. Бұл туралы бүгін елордада Діндер лидерлері съезі Хатшылығының ХХ отырысынының ашылуы барысында Сенат төрағасы айтты. Мәулен Әшімбаев мәлім еткендей, дүниежүзінде коронавирус індеті басталғалы бұл ұйымдастырлып отырған алғашқы ауқымды жиын. Ал індет өршіген уақытта диалог пен тікелей қарым-қатынас жетіспегені сөзсіз. Сессиялық отырыстарда талай мәселенің түйіні тарқатылып, сарабдал ойлар ортаға салынары анық.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Съезд хатшылығының төрағасы:
– Съезд рухани көшбасшыларға тікелей сұхбат құруға, дінаралық және өркениетаралық диалогты нығайтудың маңызды мәселелерін бірлесіп қарауға, сондай-ақ, әлемді алаңдатқан өзекті проблемаларды шешу жолдарын талқылауға үлкен мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Съезд Хатшылығының басшысы бейбітшілік пен адамзаттың игілігі жолында өзара диалогты рухани көшбасшылар мен діни қайраткерлер қамтамасыз ететінін айтты. Бүгінгі отырыс барысында қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII Съезінің күн тәртібін және қорытынды декларациясының жобасын талқылады. Сондай-ақ, Съезд Хатшылығының келесі XXI отырысын 2023 жылдың күзінде және Діндер көшбасшыларының келесі съезін 2025 жылы Қазақстан астанасында өткізу туралы шешім қабылдады.