«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы аумағында 4 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Олардың жалпы құны 100 млн долларға бағаланған. Қазақ-өзбек шекарасындағы кешенде жеңіл өнеркәсіп, тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындары бой түземек. Салалық министрліктің дерегінше, құрылыс жұмыстарын 2026-шы жылдың төртінші тоқсанында аяқтау межеленген. Орталық аумағынан Қазақстан мен Өзбекстанға тиесілі әрбіріне 50 гектардан жер телімі бекітілді. Индустриялық аймақ тараптардың екі жақты сауда әлеуетін арттыруға бағытталған. Жаңадан салынатын кешенннің инфроқұрылымы бюджеттен тыс іске асырылмақ.
Қанат Шонбасов, Түркістан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазақстан тарапынан Түркістан облысы конкурс өткізіп, оның нәтижесімен инвестор анықталды. Инвестор өзінің қаражаты есебінен сол жерге 51 млрд теңге инвестиция құяды. Орталықта инвестор өзінің есебінен барлық инфроқұрылымды жүргізетін болады.
Авторы:Жеңіс Ермұқанов

