Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары Қаратал ауданында
жалғасты. Ескелді би ауылында Президент биыл ашылған Мәдениет үйін аралап
көрді. Қазір мұнда кітапхана жұмыс істейді, сонымен қатар әжелер мен
домбырашылар ансамбльдері, сондай-ақ би үйірмесі сияқты шығармашылық ұжымдар бар.
Биыл өңірдің шалғай ауылдарында бес мәдениет үйі жөнделіп, сегіз клуб
салынды. Алайда, облыста тек шығармашылық бастаманы ғана қолдамайды, салауатты өмір
салты да басты бағытқа алынды. Сондықтан дене шынықтыруды дамыту мақсатында ауылдарда
15 спорт нысаны қолданысқа берілді. Олардың бірі Ескелді би ауылында
тұрғызылды. Жергілікті тұрғындар үшін тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, бокс, күрес,
волейбол және баскетбол секцияларының есіктері ашылды. Балалармен әңгімелесу
барысында Президент мемлекет өскелең ұрпаққа білім алуға және спортпен
айналысуға жағдай жасап жатқанын атап өтті.
Ал, Үштөбе қаласында
Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы орта мектепте болды. Директор
Президентке оқушылардың жетістіктері туралы айтып берді. Мемлекет басшысы Кемел
Тоқаевтың музеймен де
танысты - онда оның жеке заттары, фотосуреттері, құжаттары мен кітаптары
ұсынылған. Президентке жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған зияткерлік
ойын және повестерінің желісі бойынша
шағын қойылым көрсетілді.Мемлекет басшысына бұдан 15 жыл бұрын құрылған Кемел
Тоқаев атындағы Қайырымдылық қоры қызметінің нәтижелері туралы да айтылды. Одан
кейін Президент Қаратал ауданының жаңартылған әскерге шақыру пунктін аралап
көрді. Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевқа Smart-әскери комиссариат жобасы туралы баяндады. Ол 17 жасқа толған
қазақстандықтарды автоматты түрде әскери есепке қояды. Сондай-ақ министрлік
жұмылдыру ресурстарының ақпараттық жүйесін құрған. Портал Қазақстанның 16-60
жас аралығындағы барлық ер
азаматтарын қамтиды. Цифрландырудың арқасында қазір 7
млн адам әскери есепте тұр. Қорғаныс министрлігінің тағы бір диджитал жобасы - Armia.kz
ақпараттық қызметі.
Ол әскери қызметшілермен тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыруға
арналған. Қасым-Жомарт Тоқаев әскерге шақырылушылармен әңгімелесіп, оларға
әскери қызметте табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Елге қызмет ету –
азаматтық борыш. Бұл – өте маңызды жұмыс, қасиетті парыз. Үлкен әскери
мансаптарға жетіп, генерал атаныңыздар. Азаматтық міндетті абыроймен
атқарыңыздар. Антқа адал болыңыздар!00,33
Богдан
Чумаков, Әскерге шақырылған:
- Мен Қазақстан әскерінде қызмет ету мәртебесіне ие
болдым. Өз Отанына қызмет ету - әрбір азаматтың міндеті. Мерзімді әскери қызмет
аяқталғаннан кейін ҰБТ баллдарын есепке алмай, грантқа түсу мүмкіндігін
пайдалана отырып, жоғары оқу орынына түсуді жоспарлап отырмын.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

