Коронавирустың жаңа штаммдарының өрши түсуіне байланысты вирусты жұқтыру дерегі де арта түсті. Әсіресе, дүниежүзінде Omicronның BA.5 штаммы тез таралуда. Бүгінде әлемнің 80 елінде инфекция қайта белең алды. Мәселен, АҚШ-та соңғы күндері 200 мыңнан астам адамның бойында ауру жұқтыру тіркелді. Ауруханаға жатқызылғандар саны да өсті. Екі аптада көрсеткіш 18%-ке артқан. Індетке шалдығу жағдайының артуына байланысты алғашқылардың бірі болып Лос-Анджелесте қайта локдаун енгізіледі. Бұл шаһардың 10 миллион адамына әсер етеді. Қалада эпидемиологиялық жағдай жақсармаса 29 шілдеден бастап бетперде тағу талабы қайта күшіне енеді.
Исак Бернато, қала тұрғыны:
– Қазіргідей эпидахуал кезінде бәрін ақылға салып, барынша сақ әрі болған жөн. Маска вирустан сақтар болса, демек оны таққанымыз дұрыс.