Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы препаратты тестілеудің екінші кезеңі басталады

Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы препаратты тестілеудің екінші кезеңі басталады

Қазақстандық ғалымдар қатерлі ісікке қарсы препаратты тестілеудің екінші кезеңіне кірісті. Оның ауқымы әлдеқайда кең болмақ және бірден 3 қала – Алматы, Астана және Павлодарда өтеді. Клиникалық зерттеуге ниет білдірген 5 мың адамның 3 мыңы іріктеліп қатыса алады. Бұған Жоғары ғылыми-техникалық комиссия 2 млрд теңге бөлуді қарастырып отыр. Айта кетейік, онкологиялық ауруларға қарсы жасалған отандық дәрі клиникалық зерттеудің бірінші кезеңінен сүрінбей өтті. Еліміздің ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, онкологиялық дертке ұшыраған 15 адам қатысқан. Атап айтсақ, тоқ ішек қатерлі ісігінің ең қауіпті IV кезеңіне сырқат науқастар ерікті ретінде ниет білдірген. Зерттеу аяқталғанда ісік көлемінің 3/1 бөлігі жойылған. Ғалымдардың айтуынша, осының өзі дәрінің тиімділігіне дәлел бола алады. Қатерлі ісікке қарсы препарат 2025 жылы ресми түрде тіркеледі.