Көшпенділер медицинасын жаңғырту. Қазақстандық ғалымдар осы істі қолға алмақ. Ұлы дала тұрғындары шипалы шөптермен емдеу тәсілдерін ежелден қолданған. Биологтар өсімдіктердің қасиеті толық ашылмағанын айтады. Сондықтан олар шөптерді терең зерттеуді жоспарлап отыр.
Виктор Камкин, Биология ғылымдарының кандидаты:
– Бұл өсімдіктердің емдік қасиеттері күшті. Олармен адам ағзасының түрлі ауруларын емдеуде қолдануға борлады. Егер өзімізде осы шөптерді өсіретін болсақ, ішкі қажеттілігімізді толық өтей аламыз. Тіпті экспортқа да шығара аламыз. Мәселен, өзімізге белгілі мия тамырының жүз грамы еуропалық нарықта 8 еуроға жетеді.
Әлеуеті жоғары бағалы өсімдіктердің бірі Павлодар облысында көп өсетін – күреңот шөбі. Ол коронавирус симптомдарын алдын алуда өте тиімді болып шықты.
Айдана Камарова, Торайғыров университетінің докторанты:
– Біз жартасты күреңоттан, атап айтқанда оның жапырақтары мен гүлдерінен шай жасауды жоспарлап отырмыз. Бұл өсімдіктен жасалатын фито-шай функционалды сусын болмақ. Сусынның ешқандай жанама әсері жоқ. Дәмі де жағымды.
Өсімдік фармакологиясын дамытудың тағы бір маңызды бөлігі – топырақ құнарлығын қалпына келтіру. Ауыл шаруашылығы жерлері шөлейттену мен сортаңдануға ұшырап, дәнді дақылдар мен көкөністерді өсіруге жарамсыз болып қалады. Ферма иесі үшін бұл жер жоқпен тең. Сол себепті де отандық ғалымдар тұзға төзімді дәрілік өсімдіктерді егуді ұсынып отыр. Себебі бұл шөптер үшін мұндай орта қауіпсіз. Сонымен қатар, өсімдік негізіндегі дәрі-дәрмектің өнеркәсіптік өндірісінің бағыты экологиялық туризмнің негізіне айналуы мүмкін, дейді мамандар. Оның ішінде қызықтыратыны – фитоөнімдерінің дәмін татып көру, шикізатты өсіру процесін бақылау болуы мүмкін.