Қазақстанда 22 қарашада халықты коронавирусқа қарсы ревакцинациялау басталады. Бас санитарлық дәрігер міндеттерін атқарушы тиісті қаулыға қол қойды. Бастапқы кезеңде тәуекел топқа жататын медицина және күш құрылым қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті, 60 жастан асқандар, иммунитеті әлсіреген адамдар қайта иммундалуға жатады. Екінші кезеңде бустерлік дозаны ниет танытқан азаматтардың барлығы ала алады.
Коронавирусқа қарсы ревакцинациялаудың аралық уақыты да белгілі болды. Векторлық вакцинаны енгізгеннен кейін 9 ай, белсенділігі жойылған және м-РНҚ-вакцинадан соң 6 ай аралықты сақтау керек. Қайта иммундауды алғашқы вакцинациялау курсына пайдаланылған препаратты жүргізуге жол беріледі.