Қызметкерлері 80-100% дейін коронавирусқа қарсы вакцина алған жеке кәсіпкерлік нысандарының жұмыс кестесін ұзарту керек. Мұндай ұсынысты бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов жасады.
Оның ойынша бұл шара жұмыс берушілерді ынталандырып, қызмет көрсету саласындағы екпе кампаниясына қатысты шешімдердің тез әрі оң қабылдануына ықпал етер еді. Бизнес-омбудсмен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына хат жолдап, қалыптасқан мәселені шешудің қарапайым жолдарын ұсынды. Оның арасында вакцинация мерзімін ұзарту туралы ұсыныс бар. Сондай-ақ Рустам Жүрсінов мониторинг топтары ережеде бекітілген талаптар орындалмаған жағдайда ғана жауапкершілікке тарту қажеттігін алға тартты.