Қазақстанға 6,6 млрд доллар тікелей шетелдік инвесттиция құйылды

Қазақстанға 6,6 млрд доллар тікелей шетелдік инвесттиция құйылды

2025-ші жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 6,6 млрд долларды құрады. Бұл былтырдың сәйкес кезеңінен 6% артық Бұл жөнінде Ұлттық экономика вице-министрі мәлімдеді. Оның айтуынша елде инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар күшейтілуде. Мәселен, 54 млн доллардан асатын жобалар үшін 25 жылға дейінгі тұрақтылығына кепілдік беретін инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі қарастырылған. Fast Track немесе «жасыл дәліз» жүйесі де жұмыс істейді. Инвестор барлық қажетті үрдісті небәрі 5 күнде жеңілдетілген тәртіпте өтеді. Айта кетейік, Қазақстан Президенті өз Жолдауында жаңа инвестициялық циклды бастау қажетін атап өткен болатын.

Арман Қасенов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Жаңа инвестициялық цикл шеңберінде технологиялардың Қазақстанға трансфертін жүзеге асыруға қабілетті, жергілікті персоналды оқытатын және қазақстандық тауарлар үшін жаңа сыртқы нарықтарға қолжетімділікті ашатын негізгі инвесторларды іздеу және тарту басымдыққа ие болады. Жаңа инвестициялық циклдің негізгі инвесторлары Үкімет айқындаған перспективалы тауашалардағы компаниялар болады. Бұл машина жасау, мұнай-газ-химия, жаңартылатын энергия көздері, қазіргі заманғы АӨК, жоғары қайта бөлу металлургиясы, онда жоғары жаһандық бәсекеге қабілеттілігі бар экспорттық өндірістер құруға болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?