Қазақ хандығына қатысты сирек қолжазба табылды

Қазақ хандығына қатысты сирек қолжазба табылды

Отандық ғалымдар ортағасырлық сирек қолжазбаны тапты. Онда Қазақ хандығының көршілес мемлекеттермен, атап айтқанда, Моғолстанмен өзара қарым-қатынасы туралы құнды мәліметтер бар. Құжаттың 16-17 ғасырлар бойынша жалғыз данасы «Мұрағат-2025» бағдарламасы аясында шетелдік экспедиция кезінде Мәскеудегі кітапханалардың бірінен табылды. «Тарих» атты кітап парсы тілінде жазылған. Сарапшылардың айтуынша, ол «Тарих-и Рашиди» еңбегінің жалғасы ретінде қарастырылады. Оның мазмұны толық аударылмаған. Белгілі шығыстанушы Олег Акимушкин өткен ғасырдың 70-ші жылдарында қолжазбаның жартысына жуығын оқыған. Демек, құжатта Қазақстан мен Орталық Азияның тарихы туралы қызықты фактілер аз емес. Енді оларды толық зерттеуге болады. Айта кетейік, Қазақстанға кітаптың көшірмесі әкелінді.

Алмат Әбсәліков, Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы:

- Кітап парағының шетіне мәтіннің түсініктімесі қоса түртіліп, жазылған. Сонымен қатар, түрлі дұғаларды оқуға болады, оларда түсініктемесімен бірге берілген. Бұл қолжазбаларда бұрын соңды бізге белгісіз болып келген құнды мәліметтер болуы мүмкін. Сондықтан, түпнұсқаны оқи алатын кез келген зерттеуші біздің орталыққа келіп, қолжазбаны зерттей алады.

Мәншүк Шымырбай

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?