«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Халық кеңесінің басты тетігіне айналмақ. Жаңа конституциялық консультативтік орган қоғам мен билікті байланыстыратын көпірге айналуы тиіс. Аталған реформа аймақтардағы қордаланған мәселелерді тікелей шешім қабылдау деңгейіне жеткізеді. Оған елдегі қоғамдық кеңестердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысады. Жаңа орган маңызды қоғамдық мәселелерді көтеріп, заң жобаларын талқылайды, сондай-ақ тың бастамалар ұсына алады. Бұл мемлекетке ел азаматтарының сұраныстарына жедел жауап беріп, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік жасайды.
Серік Ақылбай, Республикалық заңгерлік консультанттар алқасының төрағасы:
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
тұжырымдамасы осы Халық кеңесі арқылы іске асады. Яғни, реформа аясында
аймақтардағы қордаланған мәселелерді тікелей шешім қабылдау деңгейіне
жеткізетін конституциялық жаңа орган
құрылады. Мемлекет басшысы Ұлттық
құрылтайдың отырыстарына үнемі қатысып келеді, соның нәтижесінде 5 жылда 27 заң
қабылданды. Халық кеңесі де құрылымы жағынан осыған ұқсас, бірақ оның мәртебесі
жоғары – конституциялық мәртебеге ие.

