«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы кәсіпорындарда өндірілетін тауарлар әлемнің 23 еліне экспортталады

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы кәсіпорындарда өндірілетін тауарлар әлемнің 23 еліне экспортталады

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы кәсіпорындарда өндірілетін тауарлар әлемнің 23 еліне экспортталады. Құрылған күннен  бастап онда жалпы инвестиция сомасы шамамен 55 млрд теңгені құрайтын 30 жоба іске асырылды, 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Бүгінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында шағын және орта бизнес кәсіпорындары шоғырланған тоқыма кластері жұмыс істейді. Олардың қатарында кілем және кілем бұйымдары, мақта иірімі, целлюлоза өндірістері, шұлық фабрикасы бар. Еске салсақ, аймақ резиденттеріне жер, мүлік салығынан және корпоративтік табыс салығынан босату сынды инвестициялық жеңілдіктер қарастырылған.

Автор: Данагүл Біләлова