Авиакомпаниялар көрші елдің әуе кеңістігінде сақтандыру жабынының тоқтатылуына байланысты рейстерді жалғастыру мүмкін емес екенін мәлімдеді. «Әуе компаниясы рейстерді тезірек қалпына келтіру үшін Қазақстан Үкіметімен осы мәселелерді шұғыл түрде шешеді» делінген хабарламада. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құны толық көлемде қайтарылады. Ал «SCAT» авиакомпаниясының баспасөз қызметі Ресейге рейстер кесте бойынша ұшып жатқанын хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін барлық ресейлік компания біздің елмен әуе қатынасын тоқтатты.