Фестивальдің мақсаты – жастарды қолдау және олардың әр саладағы күш-жігерінің қадірін арттыру. Студенттік өмірге деген ынта мен белсенділік – үздіктердің үздігі анықталатын басты критерий. Жобаға Алматының барлық университеттерінің белсенділері қатысты. Аталмыш фестиваль Жастар саясаты басқармасының бастамасымен жүзеге асырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл фестиваль қоғамдық танылудан бөлек, студенттердің қоғамның дамуына үлес қосуының маңыздылығын көрсету.
Бұл жобаны жүзеге асыру білім беру мен әлеуметтік мәселелерді шешу үшін белсенді және жауапты студенттер қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етеді. «Ең белсенді студент», «Ең белсенді мотиватор», «Ең белсенді мотиватор» номинацияларымен қатар спорттық жетістіктері үшін де түрлі номинациялар берілді. Бұл студенттердің дарындылығын ашуға және көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге тағы бір мүмкіндік болды.
Жобаға қатысу жастардың жеке дамуына көмектесіп қана қоймай, олардың әріптестерін университеттердегі студенттік жұмысқа ынталандыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында арнайы түрлі тренингтер мен шеберлік сабақтары өткізілді – барлық жобаларға қаладағы барлық жоғары оқу орындарының белсенділері қатысты. Мұндай жобаларға қатысу болашақта әрбір жас үшін септігін тигізері сөзсіз. Алматыда 30-дан астам жоғары оқу орны бар екенін атап өту маңызды. Онда 200 мыңға жуық студент оқиды. Олардың басым бөлігі еліміздің басқа өңірлерінен келген. Сондықтан мұндай жобалардың маңызы зор. Олар қоғамға бейімделуге және жастардың әлеуетін ашуға көмектеседі.