Қазақстанда АӨК инвестиция құю ауқымы 1,5 есеге өсті. Салымдардың ең жоғары түсімі Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Аталмыш аймақтарға барлық инвестицияның 40% тиесілі, деп хабарлайды finprom.kz.
Ал салаларға келсек, 2021 жылдың басынан бері ауыл, балық және орман шаруашылығында инвестиция ауқымы өткен жылмен салыстырғанда 47,8% өскен. Жалпы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға барлығы 386,1 млрд теңге бағыттылған. Салыстырмалы түрде бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 261 млрд теңгеден сәл асқан болатын. Алайда сарапшылар саланы қаржыландыру ауқымының артуы биылғы түсімге әсер етпейді деп отыр. Аймақтардағы қуаңшылық егін-жайдың түсіміне айтарлықтай кері әсерін тигізген.