Қазақстанда Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді

Қазақстанда Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді

Қазақстанда алдағы 6 жылда 15 млрд долларға жуық мұнай-газ жобалары іске қосылады. Сонымен қатар, мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 5 есеге, атап айтқанда 1,8 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Еліміздің Энергетика министрлігі 2024-2030 жылдарға арналған Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеп, бекітті. Құжатта қомақты инвестицияларды тартумен бірге қолданыстағы және жаңа жобаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету көзделген. Сондай-ақ, түпкілікті өнім шығаруға дейінгі барлық кезеңдер қамтылған. Бұдан басқа, бағдарлама шеңберінде Атрау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында барлық қажетті инфрақұрылым салу жоспарлануда. Жол картасының соңғы нәтижесі елдің ішкі нарығын қамтамасыз етуге, ғылыми базаны, адами капиталды, техникалық және нормативтік құжаттаманы жетілдіруге бағытталған.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?