Әділхан Ержановтың «Голиаф» картинасы Венеция кинофестивалінде жүлде алды

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Голиаф» картинасы Венеция кинофестивалінде жүлде алды. Фильм Италияның тәуелсіз киносыншыларының арнайы марапатына ие болды. Ал Берік Айтжанов пен Данияр Алшыновқа үздік актер ретінде сыйлық табысталды.

Нуар жанрында түсірілген  «Голиаф» фильмі 79-шы Халықаралық Венеция кинофестивалінің «Жаңа көкжиек» конкурстық бағдарламасына енген болатын. Бұл топқа әлемдік кинематографиядағы үдерістер көрініс тапқан еңбектер іріктеледі.