2 млн 300 мың қазақстандық оқушы жазғы демалыс кезінде сауықтыру лагерлерінде демалады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллионға көп, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, биыл сауықтыру лагерлері мен алаңдарының саны айтарлықтай өсті. Жалпы Республика бойынша 11 мыңнан астам мектеп жанындағы, шатырлы, спорттық, киіз үй лагерлері жұмыс жасайтын болады. Бұдан басқа, балалар жылы аясында мақсатты құрылыс есебінен жаңа мектептерді және 100 ден аса спорттық нысанды іске қосу жоспарланған. Ал күзге қарай қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу үшін гранттар саны 73 мыңға дейін артады.