Азия
даму банкі Қазақстан экономикалық өсімі бойынша 2023 жылға
арналған болжамын жақсартты. Сәйкесінше, ол 3,7%-тен 3,9%-ке дейін
көтеріледі. Ал келер жылы республиканың жалпы ішкі өнімі 4,1% деңгейінде
сақталады. Халықаралық қаржы институтының сарапшылары тұрақты ішкі сұраныс ел
экономикасының өсуіне негіз болатынына сенімді.