Бозжыра шатқалында туристік нысандар бой көтереді

Бозжыра шатқалында туристік нысандар бой көтереді

Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында жаңа туристік жобаның алғашқы қазығы қағылды. Заманауи үлгіде бой көтеретін визит-орталықта саяхатшыларға барлық жағдай қарастырылады. Туристер үшін мұнда этно-кафе мен глэмпинг алаңқайлар болады. Табиғи ландшафт пен мәдени мұра жиһанкездерді көшпенді өркениет әлеміне жетелейді. Жоба авторларының айтуынша, визит-орталық экологиялық талаптар мен тұрақты туризм қағидаттарына сай болады.  Өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған кешен 2027 жылы пайдалануға беріледі.17 глэмпинг-павильон, 50 қонақ үй бөлмесі және орталықтың жалпы ауданы 450 шаршы метр. Кешен құрылысы отандық инвестордың қаржысына салынады.

Сәуле Жаңабаева, жоба жетекшісі:

- Визит-орталық план бойынша 18 ай деп отырмыз. 18 айда бірінші этапта бірінші визит-орталықты тұрғызу, одан кейін қалған глэмпингтарды тұрғызу болып табылады. Визит-орталық салу басты мақсаты ол табиғатты сақтау отыра құрылыс жасау. Визит-орталықты құру, салу және әлемнен келген туристерге, қазақстандықтарға жайлы орта дайындау.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?