АШМ: биыл астық түсімі айтарлықтай артады

Биыл астық түсімі айтарлықтай артады. Қазірдің өзінде 1 гектардан 0,7 центнерге өнімділік артады деген болжам жасауға мүмкіндік бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай жағымды болжамын жариялады. Дәнді дақылдар тұқымын Ресейден импорттау проблемасының шешілуі  де салаға оң ықпалын тигізбек.  Айта кетейік, бұған дейін Ресейден дәнді дақылдарды экспорттауға тыйым салған еді. Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, бұл тұқымдар елімізге сортты жаңарту және ауыстыру үшін қажет.

Әбілхайыр Тамабек,  ҚР ауыл шаруашылығы Вице-министрі:

– Бұл қосымша 14 мың тоннадан астам дәнді дақылдар тұқымын алуға мүмкіндік берді. Қазақстандық аграршыларға дәнді дақылдар тұқымдарының келісімшарт жасалған партияларын алуға жол ашып, сорттық әлеуетті күшейтті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде көктемгі дала жұмыстары басталған. Жалпы бүгінгі күнге дейін 11 млн гектардан астам алқапқа дәнді дақылдар егілді.

 

Автор:  Әсел Күшенғалиева