5 жылға есептелген құжат энергетика, қаржы, мемлекеттік секторды басқару, көлік және қала құрылысы сынды бағыттарды дамытуға қатысты шараларды қамтиды.
Геннадий Рау, Азия даму банкінің аға экономисті:
- Стратегия Қазақстан Республикасының негізгі құжаттарына сәйкестендіріліп құрылды. Бұл ретте «Қазақстан-2050» және жақында бекітілген орта мерзімді экономикалық саясаты дамыту жағы барынша ескерілген. Сондай-ақ, Азия даму банкінің стратегиясында елдің 2023 жылға дейінгі негізгі бағыттары негізге алынды. Кеңес барысында біз үш бағытты анықтадық. Біріншісі - климаттың өзгеруінің салдарын жою және экономиканы декарбонизациялау. Келесі бағыт инклюзивті экономикалық өсуімге ықпал ету. Соңғысы - мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру.
Халықаралық қаржы құрылымы стратегия аясында жүзеге асыру көзделген нақты шараларды атады.
Геннадий Рау, Азия даму банкінің аға экономисті:
- Статегияда көзделген барлық бағыттардың ішінде мемлекеттік басқару инновациялық болып табылады. Біз Қазақстан үкіметімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру үшін тығыз жұмыс істейтін боламыз. Өйткені стратегияның барлық үш бағытына қол жеткізу үшін жоғары тиімді мемлекеттік аппарат қажет. Сондай - ақ, бірінші бағытттың әлеуеті зор. Бұл ретте Қазақстан Үкіметі жақында қабылдаған 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағдарламасын айтуға болады. Осыған қатысты елдегі көмір және электр станциялар зерттеледі. Ондағы мақсат көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және жаңа жасыл технологияларды ендіру.