Қазақстанда «Әділет» партиясының өңірлік филиалдары құрылды

Қазақстанда «Әділет» партиясының өңірлік филиалдары құрылды

Қазақстанда «Әділет» партиясы өңірлік бөлімшелерін құру және тіркеу жұмысын толық аяқтады. Аумақтық бөлімдер барлық облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Келесі кезеңде осы филиалдардың басқару органдары жасақталып, төрағалар сайланады, әрі бастапқы партиялық ұйымдар құрылады. Саяси бірлестік өңірлік желілері арқылы халықпен тығыз жұмыс жасауға және жергілікті бастамаларды қолдауға ниетті. Филиалдар ашу туралы шешім партияның II съезінде қабылданды. Сол жиында өңірлік құрылымдардың қызметін, басқару және ішкі бақылау жүйесін реттейтін ереже де бекітілді. Естеріңізге сала кетейік, «Әділет» партиясы 1 маусымда ресми тіркеуден өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?