Мексикада «Агата» дауылы салдарынан болған лай көшкіні мен су тасқынынан кемінде 11 адам қаза тауып, 30-дан астам адам із-түзсіз жоғалды. Желдің жылдамдығы сағатына 170 км-ге жетіп, ол мұхитта биіктігі 6-8 метрлік толқындарды тудырды. Циклон елдің бірнесе штатына нөсер жауын ала келді. Ауа райы алдағы күндері тағы да бұзылуы мүмкін, дейді синоптиктер.
Педро Лопес, фермер:
– Дауыл салдарынан көп шығын келді. Жарық та, байланыс та жоқ. Су үйлерді қиратып, шайып әкетті. Қалпына келтіру оңай болмасы анық.
Юстасио Лопес, жергілікті тұрғын:
– Ішерге су жоқ. Үкіметтен қолдау күтеміз. Зардап шеккендерге азық-түлік пен су қажет. Киім де, ыдыс-аяқ та жоқ.