Оның 400-ден астамы шетелдік. Атлеттер толық және жартылай марафонда сынға түсті. Шара спорттық сайыс қана емес жігерді жанып, рухты шыңдау жолына айналған. Мәселен, Андрей мен Петр бұл жарысқа табанды түрде дайындалған.
Андрей Яковлев, жарысқа қатысушы:
- Мен жүзгенде Петя қайықта болады. Кейін велосипедке арба жалғап тағы бірге толық қашықтықты бағындырамыз. Ал жаппай жүгіру додасында мен арбаны қоса итеріп мәреге бет аламыз. Біз былтыр бірге квалификациялық сыннан өттік. Бұл талапты орындамасақ, бізді бүгінгі жарысқа жібермес еді.
Спортшылар әдеттегідей алдымен Есіл өзенінде 4 шақырымға жуық қашықтықты жүзіп өтті. Кейін велосипедпен 180 шақырымды бағындырды. Соңғы кезеңді жаяу жалғастырып 42 шақырым жолды артқа тастап, мәреге жету керек болды. Ал әуесқойлар арасындағы сайыс ұзақтығы екі есе қысқарған. Яғни жүзу - 1,9, веложарыс – 90 және жүгіру - 21 шақырымнан аспады.
Бұл жолы да ардагер спортшылардың қарасы қалың болды. Жалпы, жарыстың ең жас қатысушы 18-де болса, ең үлкені - 76-да. Бірнеше сағат бойы тоқтаусыз үлкен қашықтықты артта тастау асқан төзімділік пен дайындықты талап етеді. Аға буын өкілдері ең бастысы жастарға үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтатындарын айтады.
БЛИЦ:
- Ironman-нің ең негізгі мақсаты ол өзіңді жеңу, жеке басыңмен күресіп, мәреге жеткеннің өзі жеңіс саналады. Осындай жеңістеріммен жастарға үлгі болғым келеді. Биыл алпысты алқымдайтын жастамын.
- Мен жастайымнан салауатты өмір салтын ұстанамын. Зейнетке шыққалы бос уақытым көп, осы текті жарыстардың бірін қалдырмауға тырысамын. Қазақстанда жарыс өтетінін естіп, бірден қатысуға бел будым. Бабымды сынап, денсаулығымды шыңдаумен қатар елді аралап, саяхат құруды жоспарлап отырмын.
Атап айтқанда, алғашқы келген 30 қатысушы 26-27 тамызда Финляндиядағы Лахтиде өтетін VinFast IRONMAN 70.3 жарысында жарты қашықтықта бағын сынап көру мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетейік, Қазақстандағы ауқымды іс-шараны тамашалауға Үндістан, Швейцария, Ұлыбритания, Италия, Германия, АҚШ, Польша, сияқты елдерден мыңдаған турист арнайы келген.