Жаздың соңына дейін Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 18 маусымнан бастап қолданысқа енді. Экспорт тек квота бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі таңда өтінімдер қабылдау жарияланды. Осылайша, елімізден 68 мың тонна күнбағыс майын экспорттауға мүмкіндік беріледі. Бір экспорттаушыға ай сайынғы лимит жалпы алғанда 6000 тоннадан аспауы керек.