Көлік-логистика саласына салынған инвестиция көлемі 11% артты

Көлік-логистика саласына салынған инвестиция көлемі 11%-ке артты. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша оның мөлшері бір триллион теңгеден асып жығылды деп хабарлайды Финпром.кз. Секторға тартылған  инвестицияның жартысынан астамы кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілді. Бұл шамамен 615 миллиард теңге. Қалған 223 миллиард теңге ел қазынасынан бөлінген.  Өңірлік бөліністе көлік-логистика саласына инвестиция тарту бойынша Алматы көш бастап тұр. Көрсеткіш 155 миллиард  теңгені құрады. Бұл ретте, үздік үштіктің қатарында Атырау мен Алматы аймақтары бар.