2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет әлеуметтік бағытқа бағдарланған болып қала береді

2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет әлеуметтік бағытқа бағдарланған болып қала береді

2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жаңа жобасы Қазақстан Үкіметінде қабылданды. Ол ел дамуының әлеуметтік-экономикалық болжамы негізінде әзірленді. Атап айтқанда, 2025 жылы бюджетке түсімдер 21 трлн 700 млрд теңге деңгейінде болады деп күтілуде. Сондай-ақ, Ұлттық қордан 2 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тарту жоспарланып отыр. Бюджет әлеуметтік бағытқа бағдарланған болып қала береді. Бұл салаға келесі жылы шамамен 10 трлн теңге бөлу көзделген. Қаражат әлеуметтік төлемдерді индекстеуге, білім беру гранттарын ұлғайтуға және халықты медициналық көмекпен қамтуға жұмсалады. Бұдан басқа, өңірлерді қолдау басым бағыт ретінде қалады. 2025 жылы бұған шамамен 7,5 трлн теңге бөлу қарастырылған. Экономиканың нақты секторына, атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді, көлік инфрақұрылымын дамытуға және кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдауға 2 трлн теңгеден астам қаражат бөлінбек.