2024 жылы Қазақстаннан Германияға 1,4 млн тонна мұнай жеткізілмек

2024 жылы Қазақстаннан Германияға 1,4 млн тонна мұнай жеткізілмек

Қазақстан жыл соңына дейін Германияға 1,4 млн тонна мұнай жеткізуге ниетті. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінде 10 айда 1 млн 200 мың тоннаға жуық «қара» алтын экспортталды. Айта кетейік, 2025 жылы да осындай көлемді жеткізу жоспарланған. Ведомствода атап өткендей, бұл көрсеткіштер қазақстандық мұнай секторының тұрақтылығын көрсетеді және Германиямен энергетикалық саладағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызын растайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың неміс нарығына қара алтын жеткізілімін арттыруға дайын екенін айтты.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?