Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Премьер-Министрдің айтуынша, биыл 18,3 трлн теңге көлемінде негізгі капиталға инвестиция тарту міндеті тұр. Жалпы құны 28,1 трлн теңгеге бағаланған 873 жобадан тұратын инвестициялық пул пысықталып жатыр. Үкімет басшысы бұдан бөлек мұнай газ саласында бірқатар тың жоба қолға алынғанын жеткізді.
Атап айтқанда Қарашығанақта қуаты жылына 4 млрд текше метр болатын тауарлық газды дайындау жобасы пысықталуда. Сонымен қатар Қашаған кен орнында жалпы қуаты 1 млрд текше метрден асатын газ өңдеу зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қуаттылығы 4 млрд текше метр болатын тағы бір газ өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда.