2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 44,7 млн тонна мұнай өндірілді

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 44,7 млн тонна мұнай өндірілді

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 44 млн 700 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы Мемлекет басшысына энегетика министрі есеп берді. Алмасадам Сәтқалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің отын-энергетика кешенінің дамуы жөнінде баяндады. Осы уақыт аралығында мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған. Сондай-ақ, 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жеткен. Президентке ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары жөнінде мәлімет берілді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?