Халықаралық қаржы институтының есептеуінше, оның деңгейі тек 0,3%-ті құрайды. Құжатта келесі жылы экономикалық белсенділік терең күйзеліс күйінде қалатыны атап өтілген. Өйткені аймақ энергетикалық нарықтағы баға тұрақсыздығының кері әсерін сезінетін болады. Сонымен қатар биыл 0,2% қысқарған өндірістік көлемнің келер жылыда теріс динамикасы жалғасып тағы біршама азаяды деп күтілуде. Бұл қауіптің алдын алу үшін ынталандыру бағдарламаларын қолға алған мемлекеттерде өндірістің төмендеуі жеңілірек өтеді дейді, мамандар.