Халықаралық валюта қоры Қазақстандағы коронавирусқа қарсы вакциналаудың жақсы көрсеткіштерін алға тарта отырып, елімізде 2021 жылы ЖІӨ өсім болжамын 3 проценттен 3,2 процентке дейін жақсартты. 2022 жылы республика экономикасының өсуі, қор сарапшыларының бағалауы бойынша, қазірдің өзінде 4 процентті құрайды. Сонымен қатар қор Қырғызстан мен Тәжікстандағы ЖІӨ өсімдік болжамын нашарлатты. Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азияның қалған елдерінде ЖІӨ-нің деңгейі өзгермеген.
«Таяу Шығыс пен Орталық Азия үшін 2021 жылға арналған болжамдар жалпы өзгеріссіз қалады. Бірақ пандемияға, вакцинаның қабылдануына, туризмге, мұнай бағасының динамикасына, саясаттағы маневрлер мен әрекеттерге байланысты елдер арасындағы айтарлықтай айырмашылықтарды көрсетеді», – делінген хабарламада.
Авторы: Әсел Күшенғалиева