Ақордада Қазақстан Президентіне 9 мемлекеттің – Кипр Республикасы, Жапония,
ҚХР, Австрия, Буркина-Фасо, Лаос Халық-Демократиялық Республикасы, Жаңа
Зеландия, Дания және Словенияның төтенше және өкілетті елшілерінің сенім
грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан еліміз жаһандық
және өңірлік деңгейдегі тыныштық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған
бейбітсүйгіш саясат ұстанатынын жеткізді. Бұл – Қазақстанның сыртқы саясаттағы
басты бағдары. Біздің еліміз халықаралық аренада белсенді ойыншы және Орталық
Азияның ірі экономикасы болып табылады. Мемлекет басшысы қазақстандық нарық
экономикалық ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтіп, елшілерді дипломатиялық
миссиясының ресми басталуымен құттықтады.
Марк
Джулиан Трейнор,
Жаңа Зеландияның Төтенше және уәкілетті
елшісі:
- Жаңа Зеландия мен
Қазақстанды жылы қарым-қатынас байланыстырады. Бізде сауда мен инвестицияны,
ядролық қаруды таратпауды, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қоса алғанда, маңызды
мәселелер бойынша ортақ мүдделер мен мақсаттар бар.
Хань
Чуньлинь, Қытай Халық
Республикасының Төтенше және уәкілетті
елшісі:
- Қытай мен Қазақстан -
ортақ таулар мен өзендермен байланысқан тату көршір, өзара табыс пен өсім үшін
жақсы достар мен жақсы серіктестер. Біздің екіжақты қарым-қатынастарымызда
жақсы серпін мен ілгерілеу байқалады.
Авторы:Әсел Күшенғалиева

