ТМД елдері радиоактивті материалдарды тасымалдауға қойылатын ұлттық талаптарын оңтайландырады. Сенат осыны көздейтін келісімді мақұлдады. Ол бейбіт мақсатта пайдаланылатын радиоактивті материалдардың тасымалдану мәселелерін реттеу үшін жасалған. Яғни, осы үрдісте кідірістерді болдырмауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте, трансшекаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін қатысушы елдердің заңнамаларына сәйкес экспорт, транзит және межелі мемлекеттің уәкілетті органдары беретін рұқсат құжаттары болуға тиіс екенін атап өткен жөн.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Құжатта тасымалдау кезінде халықты және қоршаған ортаны зиянды
әсерден қорғауға бағытталған шаралар қарастырылып отыр. Сондай-ақ, апаттық
жағдайлардың алдын алу мәселелері де реттелген. Жалпы, заң ТМД мемлекеттері
арасында осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосады деп сенеміз.

