19 наурыз Қазақстанда – Жаңару күні

БүгінҚазақстанда Жаңару күні тойлануда. Мереке ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу акциясына арналды. Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты. Сондықтан бүгін ел аумағында отырғызылған ағаштардың жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар, алға қойған мақсаттар жемісін беріп, өркендеуге жетелейді.  

Болатбек Пұсырманов, акцияға қатысушы: 

– Бүгін – мұсылман халқына ортақ ғажап мереке. Халықта “Қалай күтіп алсаң, солай шығарып саласың”, – дейтін сөз бар. Құдайға шүкір, мінекей барлығы жақсы. Көп адам өзінің тілегін білдіріп жатыр, Алла қаласа, биылғы егісіміз жақсы шығады. Ырыс көп болады. Халықта несібе көп болады. Нан көп болса, халық бай болады.