2022 жылы ел астанасына 1 трлн 200 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Қаражаттың басым бөлігі, 53%-і құрылыс секторына, қалғаны – көлік, қойма және өнеркәсіп салаларына салынды. Елорда әкімдігінің мәліметі бойынша, еліміздің бас қаласы тұрғын үй құрылысына және шикізаттық емес секторға, сондай-ақ, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бойынша алғашқы үштікке кіріп отыр. Айта кетейік, бүгінгі таңда елордада шетелдіктердің қатысуымен 100 млрд теңгені құрайтын алты жоба әзірленуде. Атап айтқанда бұл электр қозғалтқыштарын, кондитерлік өнімдерді, балалар тағамын шығаратын зауыттар, сондай-ақ заманауи қойма кешендері.