Жетісу өңірінің кез келген тұрғыны 400 млн теңгеге дейін грант ұтып алуы мүмкін

Жетісу өңірінің кез келген тұрғыны 400 млн теңгеге дейін грант ұтып алуы мүмкін

Байқау цифрлық технология саласындағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Басымдық инновациялық технологиялық жобаларға  беріледі. Ол үшін үміткерлер стартаптарын жыл соңына дейін ұсынуы тиіс. Қаржылай  демеуді көздейтін бағдарламаға қатысу тегін. Жас аралықтары бойынша шектеу қойылмаған.

Ерназар Шынасыл, «Qazinnovation» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Бізде гранттың үш түрі бар. Оның негізгісі –  ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен инноваторларға арналған, яғни  технологияларды коммерцияландыру мақсатына.  Бірінші кезеңде 20 миллион, екінші кезеңде 80 миллионға дейін береміз.  Негізгі мақсат – адамның өз өнімін пысықтап, нарыққа шығуына қолғабыс етеміз.