Intelligent Community Forum жүргізген зерттеуде алты басымдық негізге алынған. Бұл кең жолақты интернетке қолжетімділік, цифрлық технологиялар мен құралдарды енгізу, ақылды қалаларды салуға инвестиция құю сынды көрсеткіштер. Сондай-ақ еліміздің бас қаласы Smart Centers Index рейтингінде ақылды қалалар рейтингінде 64-ші орынға ие болды. Зерттеу тобы Астанадағы инновацияларды қолдау деңгейін жоғары бағалап, оған 650 балл берді. Бұл көрсеткіш Токио, Сеул, Бейжің және Сиэтл қалаларынан да жоғары екенін айта кетейік.