Қазақстан биыл 19 млн тонна көмірді сыртқа жөнелтуді жоспарлап отыр. Жалпы жыл басынан бері елде 68 млн тонна көмір өндірілген. Биыл 11 млн-нан астамы Ресей асты, 3 млн-нан көбі Еуропа мемлекеттеріне аттандырылып үлгерілді. Сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Беларусь елдері де қазақстандық көмірді сатып алады. Ішкі нарықта отынның басым бөлігін энергия өндіруші кәсіпорындар пайдаланады. Қазір бұл бағытқа 40 млн тонна көмір бөлінген. Бүгінде Қазақстан қатты отын қоры бойынша әлемдегі ондыққа кіреді. Көмірдің негізгі қоры солтүстік және орталық Қазақстанда шоғырланған. Жалпы 30 жыл ішінде еліміз 750 млн тонна көмір экспорттаған.