Бұл жөнінде елдің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеткізді. Халыққа қолжетімді болу үшін қымбат көліктер қарастырылмаған. Әдеттегідей, несие 10 миллион теңгеге дейін деп белгіленді. Бағдарламаның былтырғы тәжірибесі халық арасында наразылық тудырғаны белгілі. Ол ең алдымен көлік жетіспеуінен туындаған. Енді оның орнын толтыру үшін биыл өткен жылдан 30%-ке көбірек көлік шығару жоспарланған. Бұған қоса, кезек пен халық кептелісін шешу қамында жаңа тетік ендірілмек. Су жаңа темір тұлпар тізгіндеуге ниеттілер бұдан былай алдымен өнеркәсіпті қолдау қорына жүгінеді. Ол жерде электронды кезек жасақталатын болады.
Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Өнеркәсіпті қолдау қоры электронды кезек еңгіземіз деп отыр. Қазір мысалы, автокөлік алушы алдымен салонға барады. Ол жақтан талон алады да, одан соң банкке барады. Оны болдырмас үшін алдымен қорға келеді. Қордан электронды түрде кезекті алады. Сол кезекпен салонға барады. Ал, салон өз кезегінде екі айдың ішінде оған машина тауып беруге тиіс деген ұсыныс жасады олар. Қазір, оны салан, яғни автоөндірушілермен бірге пысықтап жатыр.