Атақты кинопродюсер қазақстандық комикстерге қызығушылық танытуда

Атақты кинопродюсер қазақстандық комикстерге қызығушылық танытуда

Comic Con Astana комикстер негізінде жасалған  кинотуындылардың қатарын толықтыра түседі.  Аталмыш фестивальде жер-жаһанға танымал «Супермен», «Андерграунд» және «Револьвер» фильмдерінің продюсері Пьер Спенглер жаңа жобаларға шабыт алудан үмітті. Естеріңізге сала кетейік, гид мәдениетін насихаттауға бағытталған шара елордада 15-17 қыркүйек аралығында өтеді. Сондай-ақ француздық киномайталман қазақстандық комикстер өндірісін зерттеуге мүдделі. Оның пайымынша байқау осы бағыта ой алмасуға ықпал етеді. Пьер Спенглер фестиваль аясында жанкүйерлермен жүздесіп жиған тәжірибесімен бөлісуді жоспарлап отыр.

Пьер Спенглер, кинопродюсер:
-Менің жергілікті комиктерге қатысты хабарым аз. Фестиваль аясында олармен жақын танысқым келеді. Бұған дейін Томириске арналған комикстерді көрдім. Бұл тақырып менің қызығушылығымды оятты. Осы тарихи тұлғаға қатысты Қазақстанда әсерлі кино түсірілгенін білемін. Өйткені оның тұжырымдамасын жасауға өзім атсалыстым. Бұл жерде жаңа комикстер жасауыма шабыттандыратын тың ойлар табамын деп сенемін. Көбіне солай болады.