Каспийді қалпына келтіру Аймақтық экологиялық саммитте талқыланды

Каспийді қалпына келтіру Аймақтық экологиялық саммитте талқыланды

Каспийдің тартылуы Астанадағы Өңірлік экологиялық саммиттің панельдік сессияларындағы басты тақырыптың біріне айналды. Сарапшылар теңіз суы әлемдік мұхит деңгейінен 30 метрге дейін төмендегенін атап өтті. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының атқарушы директоры Ингер Андерсен Каспийдегі жағдай азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикаға қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті. Қатысушылар тиімді шешім табу үшін Каспий маңы елдерінің бірлескен іс-қимылын күшейту қажеттігіне тоқталды. Атап айтқанда, Теңіз деңгейі жөніндегі қолданыстағы жоспарды кешенді мемлекетаралық бағдарламаға айналдыруға ден қою қажет. Сонымен қатар, елімізде су айдынының таяздануы белсенді зерттеліп жатыр. Мұнымен Каспий теңізінің қазақ ғылыми-зерттеу институты айналысуда. Мамандар акваторияда және жағалауда кешенді зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін жылжымалы зертханаларды пайдаланады.


Серік Ахметов, Каспий теңізінің қазақ ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы:

- Біз Каспий теңізі жағалауының тартылуы кезеңіндегі өзгеру динамикасын зерттеу үшін ғарыш түсірілімдерін пайдаландық. Бұл жұмыс барысында анағұрлым айқын көрінетін жекелеген учаскелерге ерекше назар аударылды.  Каспий маңы елдерінің мемлекет басшылары, соның ішінде біздің Президентіміз халықаралық қоғамдастықтың назарын осы мәселеге аудартты. Яғни, бұл игі іске қазір халықаралық қауымдастықтар да қосылуда. Осы ретте Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге арналған «Blueing the Caspian Sea» жобасының тұсауы кесілді. Бұл жаһандық экологиялық қордың бастамасы.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?