Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды жастарға түсіндіру бойынша арнайы семинар елордада өтті. Шараға республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының басшылары мен белсенді студенттер қатысты. Жас буын өкілдері алдағы референдумға қатысты сұрақтарын қойып, ел дамуы жөнінде ойларын ортаға салды.
Жанар Қалиқанқызы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік Басқару Академиясының электоралды оқыту орталығының басшысы:
– Сайлаушылардың жалпы референдумға қатысатын саны 12 млн-нан асады деп айтуға болады. Соның ішінде жастарымыз төрттен бір бөлігін құрайды. Сол себептен жастарымызды белсенді қатысу үшін түсіндірмелі-оқыту семинар өткізіп жатырмыз. Конституцияға қандай өзгеріс енгізіледі? Жастардың өзіне маңызды жағын түсіндіреміз.