Еліміздің ұлттық атом компаниясының мәліметінше, Үлбі металлургия зауыты Ақтөбе облысында Жоғарғы Ыргыз кен орнында қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алған. Ол жерде сирек кезігетін тантал, ниобий, бериллий қорларын бағалау және растау үшін геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде өндіріс өзінің минералды-шикізат базасымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Бұл соңғы дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, экономикалық тиімділікті арттырады.