Жаңажылдық безендіру бұл жай ғана бір реттік дизайн емес, бірегейлікті сақтап, ұмытылмас тамаша эмоция сыйлайтын ең маңызды жұмыс. Қыс мезгілінің суық күнінде жанарыңды қарықтырар гирляндалар, түрлі-түсті шамдар жарығы, жаңажылдық әшекейлер ерте түскен қараңғылықтан қаланы құтқарып тұр. Иә, шынымен шаһарды жарқыратып, сән салтанатқа ораса, сол арқылы адамдардың жүрегіне жылулық пен қуаныш сыйлай білді.

